Skip to main content

МӘСЕЛЕСІЗ ДЕМАЛЫС: САЯХАТШЫ ДИАРЕЯСЫМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ

МӘСЕЛЕСІЗ ДЕМАЛЫС: САЯХАТШЫ ДИАРЕЯСЫМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ

Жазғы демалыс уақытына дайындық бірнеше кезеңдерден тұрады: демалыс бағыты мен уақытын таңдау, сәйкес келетін шомылу киімін таңдау, жағажай киімдерін таңдау. Сондай-ақ, аса романтикалық емес заттар туралы да ұмытпаған жөн – күннен қорғайтын және антимоскитті құралдарды алу, сонымен қатар дәрі қобдишасын жинау, онсыз демалыс уақытындағы кез келген денсаулық ақауы нағыз сұмдыққа айналуы мүмкін.

САЯХАТШЫЛАР МӘСЕЛЕСІ

Демалыс уақытында ең көп тараған әлсіздік себебі – асқазан-ішек жолдары аурулары. Басқа ішек жолдарының бұзылуының ішінде ең көп кездесетіні диарея, оның негізгі белігісі болып жиі әрі сұйық үлкен дәрет табылады. Бұдан басқа, әлсіреу дене қызуының жоғарылауымен, бас ауруымен, жүрек айнуы мен және құсумен сипатталуы мүмкін. Саяхатшылар диареясы шамамен әрбір төртінші туристте кездеседі [1]. Көп жағдайда диарея еуропалық мемлкеттерден Оңтүстік-Шығыс және Африка елдеріне саяхаттаушы адамдарда кездеседі, алайда ол сонымен қатар «зиянсыз» Еуропа елдеріне саяхаттаушыларда да болады.

Әдетте, асқазанның бұзылуы сапардың алғашқы күндері орын алады. Саяхатшылар диареясы көп жағдайда бір аптадан ұзаққа созылмайды, бірақ шамамен әр оныншы туристте ол екі апта немесе одан ұзаққа созылуы мүмкін.

Мұндай әлсіреу жағдайы саяхатты нашарлатуы мүмкін – кімге де болса қаланың көрнекі жерлерін аралағанның орнына, демалыс уақытының көп бөлігін дәретханада өткізген ұнамас. Әсіресе ең жағымсызы, ауру саяхатшылардың ең кішкентайларына әсер етсе, немесе диареядан барлық отбасы мүшелері зардап шексе.

Күйзеліс кінәлі болуы мүмкін

Көп жағдайда саяхатшылар диареясын бактериялар болдыруы мүмкін – олардың әсер етуімен әлсіреудің 85% байланыстырады [2]. Сонымен қатар диареяның пайда болу себебі болып вирустар мен қарапайымдылар болуы мүмкін. Демалыс кезінде асқазан-ішек ауруларының даму қаупін көптеген әртүрлі факторлар болдыруы мүмкін:

  • жол жүрумен және жаңа қоныс орнымен байланысты күйлесіз;
  • су құрамының өзгеруі;
  • үйреншікті емес тағам;
  • тазалық ережелерін сақтамау;
  • климаттың күрт өзгеруі.

Қарапайым тазалық ережелерін сақтау, тексерілген орындарда тамақтану және бөтелкедегі суды пайдалану саяхатшылар диареясының пайда болу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді. Жолға жиналу кезінде ылғалды майлықтар мен санитайзер туралы ұмытпаңыз, олар қолдың тазалығын, қолды жуу мүмкіндігі болмаған жерлерде де, қамтамасыз етеді.

Саяхатшы диареясымен қалай күресуге болады?

Көп жағдайларда саяхатшылар диареясы ағза үшін аса қауіпті жағдай емес, алайда әлсізденудің алғашқы белгілерінен кейін-ақ қажетті шараларды қабылдау керек.

  • Суды көбірек ішіңіз. Осылайша сіз сусыздандырудың алдын аласыз, ол әсіресе кішкентай балалар үшін өте қауіпті және жағдай өте тез қиын болып кетуі мүмкін.
  • Рационды ауыстырыңыз. Балғын жемістер мен көкөністерден, ащы және тұздалған тағамдардан, газдалған сусындардан, сүт өнімдерінен бас тартыңыз. Оларды суға піскен күрішпен, асылған етпен, моториканы күшейтпейтін және газдың түзілуін көбейтпейтін тағамдармен алмастырыңыз.
  • Температураны бақылаңыз. Диарея кезінде дене қызуы көтерілуі мүмкін, алайда, егер дене қызуы бірнеше күн жоғары болып, оны түсіре алмасаңыз – ол, ағзада қабыну үрдісінің орын алып, міндетті түрде дәрігерге жолығу керектігінің белгісі.
  • Өз жағдайыңызды бақылап отырыңыз. Іш ауруының күшеюі пен үлкен дәретте қанның пайда болуы аурудың асқынып бара жатқандығының белгісі. Бұл жағдайда өзін өзі емдеуге болмайды - терапияны дәрігер тағайындауы керек.
  • Саяхатшының диареямен күресу кезіндегі мүмкін болатын тиімді құралдардың бірі болып пробиотиктер табылады, оларды ауру кезінде де, оның алдын алу кезінде де пайдалануға болады – курсты демалыс уақытына дейін бір апта бұрын бастаған жөн.

Бифиформ – сапар барысында диарея кезінде көмектесетін пайдалы пробиотикалық бактериялардың тірі штаммдары бар препарат. Бифиформ капсулалары пайдалы бактерияларды асқазанның агрессивті ортасынан қорғап, ішек жолдарына толықтай жеткізетін, екі қабатты қорғаныс қабатымен қапталған.

Бифиформ өзіңмен бірге алған ыңғайлы: препарат тоңазытқышта сақтауды талап етпейді. Маңыздысы, препаратты әртүрлі жастағы отбасы мүшелеріне пайдалануға болады – жасы үлкендерге (сонымен қатар, лактозаны көтере алмайтындар да), екі жастан асқан балаларға да. Бұл дегеніміз, демалыс дәрі қобдишасына пробиотиктері бар бір капсуланы, сапар барысында үлкенге де, екі жастан асқан балаға да көмектесе алатын, салса жеткілікті.

Дереккөздерге сілтемелер:

[1] TRAVELER’S DIARRHEA. Stanley L. Giddings, A. Michal Stevens, Daniel T. Leung. Med Clin North Am. 2016 Mar; 100(2): 317–330. 

https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC4764790/#R3

[2] Epidemiology of Travelers’Diarrhea. Francesco Castelli, Chiara Pezzoli, Lina Tomasoni. Journal of Travel Medicine, Volume 8, Issue suppl_2, 1 December 2001, Pages s26–s30.

https://academic.oup.com/jtm/article/8/suppl_2/s26/1941417

Әдемілік пен денсаулықтың қарапайым құпиялары жеке тәжірибеге негізделген

ӘДЕМІЛІК ПЕН ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ҚҰПИЯЛАРЫ: ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН

Міне 2019-дың жұмыс күндері басталды... Бірінші рет келген жылда өз күнделігімнің парақшасынан сөйлеп отырмын: Барлығыңызға сәлем!

ФОТОШОПСЫЗ ЖӘНЕ РЕҢКІЛІК ИІСМАЙСЫЗ ӘДЕМІ ТЕРІГЕ 5 ҚАДАМ

ФОТОШОПСЫЗ ЖӘНЕ РЕҢКІЛІК ИІСМАЙСЫЗ ӘДЕМІ ТЕРІГЕ 5 ҚАДАМ

Нашар экология, стресс, жұмыста шексіз дедлайндар, бірде болмаса бірде тұрақсыз, кейде тіпті дұрыс емес тері күтімі - осының бәрі бет-әлпетте көрінуі мүмкін.