Skip to main content

ӘДЕМІЛІК ПЕН ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ҚҰПИЯЛАРЫ: ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН

Әдемілік пен денсаулықтың қарапайым құпиялары жеке тәжірибеге негізделген

Міне 2019-дың жұмыс күндері басталды... Бірінші рет келген жылда өз күнделігімнің парақшасынан сөйлеп отырмын: Барлығыңызға сәлем! Бірден маңызды туралы сөйлесейік?! Мен үшін, қалай болғанда да, өте маңызды. Барлығыңыз үшін маңызды болады деп ойлаймын. Мен менің өмірімде қандай өзгерістер болғандығы, және СӨС қарапайым ережелерін сақтай отырып және қазіргі замандағы нарықтағы жетекші брендтердің сұлулық пен денсаулық саласындағы жаңалықтарын бақылай отырып, не нәрсеге қол жеткізуге болатыны туралы айтамын.

Дәлірек айтқанда: мен «жиренішті үйрек балапанынан» «әдемі аққуға» қалай айланғаным туралы тәжірибеммен бөліскім келеді. Дөрекілеу тұжырымдама үшін кешірім сұраймын...

Мен әруақытта журнал мұқабасындағы қыз болуды, және сәнді дене бітімінің болуын армандағанымнан бастайық – бұл жерде менің сыртқы келбетім орта мектептен бастап өзіме ұнамағанын айта кеткен жөн. Алайда, университетті бітіргенге дейін осының барлығының болуына мүмкіндік беретін менде ақша да, уақыт та, салауатты өмір салты туралы білімім де болған жоқ. Шындықты мойындасам, еріншектік те менің мінсіз бейнемнің қалыптасуында аз рөл атқарған жоқ және оны ұзақ жылдарға ұзартты.

Универститеттен кейін мен айтарлықтай ірі фирмаға жұмысқа орналастым, ол жерде барлық қызметкерлер компания тұлғасы ретінде көрінуі тиіс болатын. Одан басқа, сол сәтте менің жігітім маған менің сыртқы түріме қатысты анық ескертулер жасай бастады: шаштарың сабан сияқты, тырнақтарың әлсіз, бет терісі қабынған, бүйірлеріңнен майлар салбырап тұр, бөкселеріңде целлюлит... Бір сөзбен айтқанда, ештеңе жарамайды.

Сонымен, осындай мәлімдемелерден кейін мен онымен айырылысып кеттім, бірақ бұл ой басымда қалып қойды – міндетті түрде өзіммен айналысу керек және денге бітімімді ретке келтіру керек. Мен небары 30 жастамын, мен жаспын және дене бітімімнің мінсіз пропорциясына қол жеткізе аламын.

СПОРТ – ӨМІР НЕГІЗІ

Бірінші, менің жасаған әрекетім – тренажер залына билет сатып алдым. Иә, көп адамдар үйде де жаттығуға, таңертең жүгіруге, секіргішпен секіруге, жедел сатыны шақырудың орнына жаяу баспалдақпен көтерілуге болады ғой деп айтуы мүмкін (бір минутқа, мен 17 қабатта тұрамын және табандылық көрсете отырып, үлкен ықылас болған кезде аптасына 3 кг жеңіл тастай алатын едім). Бірақ, өзімнің еріншектік ерекшелігімді біле отырып, сонда да қарапайым жолмен жүрдім, абонемент сатып алдым. Сонымен бірге, абонементпен бірге фитнес-жаттықтырушыда бірнеше жаттығуға алды ала ақы төледім. Сондай-ақ, мен фитнес-жаттықтырушының бірнеше сабағын алдын ала төлеп қойдым. Бұл менің негізгі ынталандырушыма айналды – жұмсалған ақшаны аяйсың, сондықтан қаласаң да, қаламасаң да, барасың. Сонымен бірге менің жаттықтырушым қатал болғаны соншалық, еркелей алмайсың. Ол маған жаттығулар бағдарламасын құрастырды, кей кезде залға барғым келмесе де, өзіммен өзім күресе отырып, бардым.

Бір ай тұрақты жаттығулардан кейін менің спортты жақсы көргенім соншалық, онсыз өмір сүре алмайтын болдым – күнара немесе немесе тіпті әр күн сайын өзіме физикалық жүктеме жасаймын – топтық жаттығуларға, бассейнге барамын, залда кардио немесе күштемелі жаттығулармен айналысамын, тіпті үйде бос уақытымда отырып-тұрып немесе пресс жасаймын.

Спорт мен үшін міндетті ғана емес, нағыз өмір салтына айналды. Айтпақшы, мен тіпті шаңғыны ұнатып, осы жаңа жылдық демалыстарда алғаш рет сноубордқа тұрдым.

ТАМАҚТАНУ

Спорттан басқа, мен, әрине, өзімнің тамақтану жоспарымды қарастырып, барлығын мүлдем дұрыс істемей жүргенімді түсіндім. Бұған дейін мен оңайлықпен таңғы асты өткізіп алып, немесе бұл маған тезірек арықтауға көмектеседі деген оймен, күніне бір рет қана тамақтана алатынмын, алайда салмақ мүлдем жылжымайтын. Ал егер шындығына келсек, мен кішкене салмақ қосып алдым. Жаттықтырушы маған дұрыс тамақтану негіздерін түсіндіріп, рацион жазып берді. Жұмыс барысына байланысты күніне 5-6 рет тамақтана алмайтынмын, алайда негізгі тамақтану уақыттарын өткізбей, өзіме дұрыс тіскебасар уақытын ұйымдастырып отырдым.

Арықтау уақытында мен толығымен рационнан тәтті, майлы және тұзды тағамдарды алып тастадым, бірақ толыққанды тамақтанып отырдым, көп мөлшерде тәтті емес әр түрлі қышқыл сүт өнімдерін тұтына бастадым. Барлығы, тиісінше, күніне 1800 килокалорий есебінен.

Және де су туралы, әрине, ұмытқан жоқпын – күніне 1,5 л кем емес ішіп отырдым. Дұрыс тамақтану мен үшін, спорт сияқты, жүйеге айналды. Мен тіпті өзімді өте жақсы сезіне бастадым, бірақ, шындығын айтқанда, арасында өзімді демалдырып, зиянды бір нәрсе жеп тұруға да мүмкіндік беретінмін.

СҰЛУ БОЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНБАЙДЫ!

Дұрыс тамақтану мен спорт маған дене бітімімді дұрыстауға көмектесті – 4 ай ішінде мен 15 кг арықтадым, менің дене бітімді тартымды, тарамыс, өзім армандағандай сымбатты болды.

Тек қана шашым, терім мен тырнақтарым өзім қалағандай бола қойған жоқ. Мен косметологқа бардым, көптеген инъекциялық және аппараттық процедуралды пайдаланып көрдім, әр түрлі маскаларды – үйде дайындалатындардан бастап белгілі әлем брендтерінің маскаларына дейін пайдаландым. Нәтижесі болды, бірақ тек көрінетін және ұзақ уақытқа созылмайтын, ал мен, менің салауатты өмір салтым, менің энергиям терімде жарқырап көрініп, шашым мен тырнақтарымнан да көрінсе деп қаладым.

Әртүрлі кеңес алулар мен зерттеу барысында менде ішек дисбактриозы анықталды. Мен дисбактериоздың сыртқы келбетке соншалықты әсері болатынын ойламаппын. Анықталғандай, ішектің микрофлорасының өзі толыққанды денсаулыққа қажетті маңызды элементтерді шығарады екен. Сонымен қатар дәрумендерді де, ал олар бәріміз білетіндей тері, тырнақ және шаштың сыртқы келбетіне және ағзамызда болып жатқан маңызды үрдістер де әсер етеді.

Барлық таныстарым сияқты, мен де интернет ақпараттарын зерттеп, таныстарымнан сұрастырып, талдау жұмыстарын жүргіздім. Нәтижесінде, «Бифиформ Лактоплюс» сияқты өнім туралы пікірлерге жолықтым.

Жастары әртүрлі қыздар, ішек жұмысының қалыпты жағдайын және өзінің микрофлорасын сақтап отырудың қаншалықты маңызды екендігін түсінгендерін жазып отырды. Бұл жөніндегі сұрақтарым мен мәселелеріме байланысты мен жалғыз болмадым. Сонымен қатар мен пробиотиктерді рационға қосу ішек микрофлорасының балансын қалыпты ұстап тұруға және де дәрумендік кешендерді пайдалудан біздің барлығымыз қол жеткізгіміз келетін сыртқы нәтижелерге әсер етуі туралы сипатталып жазылған көптеген медицина мамандарының мақалаларымен таныстым. Мен дәріханаға барып, «Бифиформ Лактоплюс» сатып алдым.

ББҚ. ДӘРІЛІК ЗАТ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ

ӘРІ ҚАРАЙ ҚАЛАЙ БОЛДЫ

Мені ең қатты таңқалдырғаны – бір қаптама толық бір курсқа жетеді екен, бұрындары жарты курс немесе курстың үштен біріне жететін құралдармен кездескенмін. Тағы да бір жағымды жағдай – күніне 1 капсула. Бұл өте оңай. Жұмысқа өзіңмен ештеңе апарудың , күніне қанша рет қабылдау керектігін есте сақтаудың қажеті жоқ және де мүлдем ұмытпайсыз. Таңертең бір рет және дайын!

Мен көп күш жұмсадым және де әлі өз өзіммен жұмыс істеп келемін: спорт, балансталған тамақтану, менің рационыма пайдалы қосымшалар. Уақыт өте келе терім мен шашымның жақсарғанын байқай бастадым. Және де ішек жолдары да сағат сияқты жұмыс істей бастады.

Осылайша, тез болмаса да, бірақ өте дұрыс жолмен мен қазір ие болған формама қол жеткіздім. Өте ризамын. Және сіздерге де соны тілеймін!

Сондай-ақ, жаңа 2019 жылы сұлу әрі денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Мәселесіз демалыс саяхатшы диареясымен қалай күресуге болады

МӘСЕЛЕСІЗ ДЕМАЛЫС: САЯХАТШЫ ДИАРЕЯСЫМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ

Жазғы демалыс уақытына дайындық бірнеше кезеңдерден тұрады: демалыс бағыты мен уақытын таңдау, сәйкес келетін шомылу киімін таңдау, жағажай киімдерін таңдау.

ФОТОШОПСЫЗ ЖӘНЕ РЕҢКІЛІК ИІСМАЙСЫЗ ӘДЕМІ ТЕРІГЕ 5 ҚАДАМ

ФОТОШОПСЫЗ ЖӘНЕ РЕҢКІЛІК ИІСМАЙСЫЗ ӘДЕМІ ТЕРІГЕ 5 ҚАДАМ

Нашар экология, стресс, жұмыста шексіз дедлайндар, бірде болмаса бірде тұрақсыз, кейде тіпті дұрыс емес тері күтімі - осының бәрі бет-әлпетте көрінуі мүмкін.