Skip to main content

НЕГЕ БІЗ КӨП ЖАҒДАЙДА НӘТИЖЕСІН БАЙҚАМАЙМЫЗ, ЖӘНЕ ЖАҢА ТӘСІЛДІ ҚАЛАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ

ar 22 1

ӨЗІМІЗБЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙ ОТЫРЫП ЖӘНЕ БАРЛЫҒЫН ДҰРЫС ІСТЕЙ ОТЫРЫП, НЕГЕ БІЗ КӨП ЖАҒДАЙДА НӘТИЖЕСІН БАЙҚАМАЙМЫЗ, ЖӘНЕ ЖАҢА ТӘСІЛДІ ҚАЛАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ

Сымбаттылыққа барар жол әруақытта қарапайым бола бермейді, тіпті сен барлығын сауатты жасасаңыз да. Менің әңгімем – бір ғана өнім маған бір орыннан жылжуыма және дене мүсінімнің өзгеруіне қалай көмектескенінің жарқын мысалы.

Мен бимен балалық шақтан бастап 15 жасқа дейін айналыстым. Содан кейін мен жаңа лицейге оқуға түстім, ол жерде жүктеменің көп болуына байланысты, би мектебін тастауға тура келді, мен жаттығуларға физикалық үлгермейтін едім. Осы сәт мен үшін өзінше бір психологиялық жарақат болды, бірақ ата-анам би – теқ қана хобби, ал заңгер мамандығы – ұзақ жылдарға қолданатын кәсіп екенін айтатын. Іс жүзінде мен олармен толығымен келісемін, мен биді өз өмірімнің кәсібіне айналдырмақ емес едім, бір бидің хобби ретінде мен үшін маңызы ерекше болатын. Кейде әртүрлі мектептік және студенттік іс-шаралар шеңберінде сахнаға шығу мүмкіндіктері болатын, бірақ бұрынғыдай емес, ешқандай драйв та, сенімділік те, командалық сезім де болмайтын.

Лицейден кейін жоғары оқу орны, одан кейін – АҚШ-та тағылымдамадан өту, содан кейін мен Ресейге қайтып оралып, жақсы жұмысқа орналастым. Бастапқы екі жылда көп жұмыс істеуге тура келді, тура мағынасында. Қайдағы би? Бірақ сүйікті ісіме қайтып ораламын дер өзіме сөз бердім.

27 жасымда мен ақыры өз арманымды жүзеге асырдым. Біреу осындай жаста бимен айналысу тым кеш деп айтуы мүмкін, бірақ менің бұған байланысты өз пікірім бар.

ar 22 2

Менде барлығы сиқыр сияқты болды. Сайттардың бірінде кездейсоқ жарнамалық баннер көріп қалдым, бұл үйге жақын жердегі жаңа студия болып шықты. Дәл менің қалаған бағытым, дәл мен үшін қолайлы болып табылатын уақытта. Сәйкестік? Мүмкін, бірақ мен үшін – ежелгі арманымды жүзеге асыру. Клубқа бірінші рет барғаннан кейін бұл менің орным екені түсінікті болды: стильді атмосфера, қызықты команда және харизмалық жаттықтырушы. Мен барлық бос уақытымды биге арнауға дайын едім, себебі мен үшін бұл хобби ғана емес еді. Бұл ақыл-ой еңбегінен көңіл бөліну, эмоциялық қуат алу және дене пішінін жақсарту тәсілі де еді. Айтпақшы, соңғысы – мен үшін мотивацияның маңызды факторларының бірі болатын. Мен әруақытта салыстырмалы түрде сымбатты болатынмын, бірақ дене сапасы уақыт өте келе нашарлай бастаған болатын. Мен бірқатар болбырлықты байқай бастадым, артық салмақ пайда бола бастады (көп емес, сонда да!), арқам ауыра бастады, мүсін нашарлай бастады. Сол себепті бидің көмегімен шын мәнінде кез келген көйлек кигенде мінсіз көріну үшін, сырттай өзгеруді жоспарладым.

Алғашқы айларда дәл мен жоспарлағандай жүрді. Бірнеше килограмм жоғалттым, өзімді күштірек және икемдірек сезіне бастадым. Иенің жаттықтырушым көптеген аспектілерде өз ісінің маманы болып шықты, соның ішінде фитнес-тамақтануда да. Ол мен үшін арнайы жекелеген рацион әзірледі, оның өзі де 38 жаста өте жақсы көрінетін. Дегенмен, мен ешуақытта өзімді басқалармен салыстырмаймын. Мен тек өзімнің таңдаулы нұсқама тырысамын. Мен қалай көрінетінімді, менің денемнің қандай мүмкіндіктері бар екенін білемін.

Алайда бірнеше айлар өткеннен кейін сыртқы прогресс баяулай бастады. Дәлірек айтқанда, мүлдем тоқтады. Мен рационды қатаң сақтадым және қалдырусыз жаттықтым. Процесті жеделдету үшін таңертеңгілік жүгіруді де қосуды ойладым. Сергектік және жақсы көңіл-күй артты, ал дене бітімінің кемшіліктері бұрынғыдай менімен бірге болды. Мен өзімнің жеген жеке тағамдарымды қатаң бақылап отырдым, сол себепті шамадан тыс калория туралы сөз болуы мүмкін емес.

ar 22 3

Шын айтамын, сол сәтте мен жаттықтырушының тамақтану мәселесіндегі кәсібилігіне күмәнмен қарай бастадым, себебі ол маған рационды мүлдем қысқартпау туралы кеңес берді (ілгері оза отырып, ол дұрыс айтты!). Сонымен маған не істеу керек? Бір орыннан қала жылжу керек?

Сол кезде мен тексеруден өтуді және диетологқа баруды ойладым. Талдау нәтижелері жақсы болып шықты. Ешқандай патология айқындалған жоқ. Ал диетологтан мен көп жаңа заттар білдім. Ол маған ішектің зат алмасу процесінде және ас қорытуда өте маңызды рөл атқаратынын айтты. Ішектің жұмысына әрбір адамда жекеше болып келетін микрофлора әсер ететін болып шықты. Ішек микрофлорасының өте көп қызметтері бар екенін білдім, тіпті уытсыздандыру және метаболиттік. Мен осы тақырыпты зерттей бастадым, кітаптар мен медициналық мақалаларды оқи бастадым. Нәтижесінде мен өзім жалпы денсаулыққа қатысты маңызды жаңалықтар мен қорытындылар жасадым.

Екі ауыз сөзбен: ішек – бұл барлық «конвейерлері мен механизмдері» мінсіз жұмыс істейтін өзінше «метаболиттік фабрика». Мен тағамның қалай сіңетіні де, таратылатыны да, сонымен қатар сыртқы келбетке әсер ететін әртүрлі дәрумендердің өндірілуіне де өзімнің жеке ішек микрофлорамның құрамына және оның қалыпты жұмыс істеуіне байланысты болатынына өте таң қалдым. Осы баланста аз ғана ауытқу болса – барлығы басқаша жұмыс істейді. Ауытқуды қамтамасыз ету өте қарапайым: нашар экология, сапасыз тағам, дұрыс емес тамақтану режімі, күйзелістер, ауыр кесте. Бір сөзбен айтқанда, көп жағдайда біздің өміріміз осында құралады, сонымен бірге көп адамдарда осы факторлар біруақытта болады!

Мен өз рационымен талдау жасай отырып, оның мінсіз емес екенін түсіндім. Иә, мен КАМК нормаларын ұстандым, калорияларды санаймын және ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың арақатынастарын бақылауға трысамын.

Бірақ бұған жақсы емес тағамдармен қол жеткіздім. Пакеттердегі қайнатылған көкөністер, тауықтың төс еті, әкелінген балық, «химоздық» жемістер. Мен жағдайды қышқыл сүт өнімдермен түзетуге тырысым, бірақ бұл мүлдем жеткіліксіз болды. Мен, мүмкін, пайдалы бактериялары бар пробиотиктерді қолдану менің ішегімдегі балансты қолдауға мүмкіндік бере ме деп ойладым.

Әртүрлі материалдарды игере отырып, мен жаңа «Бифиформ Лактоплюс» пробиотигіне назар аудардым. Небары 20 капсула, күніне 1 капсуладан. Оп-оңай! Мен бұрынғы өмір салтымды жүргізе бердім, алайда сыртқы және ішкі өзгерістер айқын біліне бастады. Мен ішімдегі қандай да бір жайсыздықты сезінуді тоқтаттым, ал жемістерден кейін болатын мезгіл-мезгіл іш кебуді толығымен ұмыттым. Мен өзімнің сүйікті билеріммен айналыса бердім. Мен табысқа жетуге және өз мақсатыма қол жеткізуге тырыстым. Бәлкім, жиынтығында менің барлық күшім, менің бүкіл салауатты кешенім: би, үйлестірілген тағам, ішек микрофлорасының балансына қолдау көрсетуге арналған пробиотик, өзіме деген сенімділік, тамаша көңіл-күй менің өзімнің жеке балансыма қол жеткізуге көмектескен шығар. Таразыдағы сандар мені қуанта бастады, енді мен дене бітімінің аңсаған параметрлеріне жақын қалдым. Небары үш аптада!

Ал бимен барлығы менде жақсы! Мен қазірдің өзінде 28 жасымда менің денемдегі ішкі жақсартулардың өзімнің жеке нәтижелеріме де қалай әсер еткенін көріп отырмын, қазір сахнада алғашқы толыққанды өнер көрсетуге дайындалып жатырмын.

ББҚ, ДӘРІЛІК ЗАТ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ

Әдемілік пен денсаулықтың қарапайым құпиялары жеке тәжірибеге негізделген

ӘДЕМІЛІК ПЕН ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ҚҰПИЯЛАРЫ: ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН

Міне 2019-дың жұмыс күндері басталды... Бірінші рет келген жылда өз күнделігімнің парақшасынан сөйлеп отырмын: Барлығыңызға сәлем!

Мәселесіз демалыс саяхатшы диареясымен қалай күресуге болады

МӘСЕЛЕСІЗ ДЕМАЛЫС: САЯХАТШЫ ДИАРЕЯСЫМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ

Жазғы демалыс уақытына дайындық бірнеше кезеңдерден тұрады: демалыс бағыты мен уақытын таңдау, сәйкес келетін шомылу киімін таңдау, жағажай киімдерін таңдау.