Skip to main content

ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕР МЕН ЕМШЕК ЕМЕТІН БАЛАЛАРДАҒЫ ДИСБАКТЕРИОЗ

Қалыпты жағдайда ішек микрофлорасы орташа алғанда 1 мл құрамында 1 млн микробтан тұрады. Қалыпты микрофлораны 1 S-20 анаэробты (оттегінің қатысуымен өмір сүре алмайтын бактериялар) және аэробты (оттегінің қатысуымен өмір сүре алатын) негізгі түрдің бактериялары: бактероидтер, бифидобактериялар, лактобактериялар және басқалар құрайды. Бифидобактериялар басым микрофлораға жатады (Ig 1:0-1 !)2

Сау микрофлора ағзаның ас қорыту процестеріне қатысады, ас қорыту ферменттерінің белсенділігін күшейтеді, асқазан-ішек жолдарының моторикасына әсер етеді, дәрумендер, гормондар, амин қышқылдарының түзілуіне ықпал етеді және иммунитетті көтереді.

Микрофлора уытсыздандыру және аллергия қарсы функцияларды орындайды. Ішектің қорғаныс функциялары ауру тудыратын бактериялардың көбеюі және аллергендердің бұзылуы үшін кедергі жасайды. Қалыпты микрофлорада антиоксиданттық, антимутагендік және обырға қарсы функциялары бар2.

МИКРОФЛОРАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Иммун жүйесінің қалыптасуы мен жұмыс істеуі 2 кезеңнен тұрады.

  1. Біріншісі ерте эмбриогенез кезеңінде (жүктіліктің ерте кезеңдері) ұсынылған генетикалық материалдың негізінде Т-және В-лимфоциттерді қалыптастырудан тұрады.
  2. Екінші кезең - адам туғаннан және шырышты қабықты , оның ішінде АІЖ, микробтар басқаннан кейін басталады. Ішек - ас қорыту жүйесінің бөлігі ғана емес, иммундық орган болып табылады, иммундық жасушалардың 80% - ға дейін ішекте орналасады. Осылайша, емшек еметін балада өзінің ішек иммунитетінің қалыптасуы ерте микробтың қалыптасу кезеңінде жүзеге асады және нәресте дүниеге келгеннен кейін бірден басталады. Сондықтан дүниеге келу сәті сау АІЖ6 қалыптастырудағы негізгі кезеңдердің бірі болып табылады.

Баланың қалыпты микрофлорасының қалыптасуында бифидобактериялар ерекше маңызды рөл атқарады. Емшек сүтімен қоректенетін баланың ішектегі бифидобактериялардың саны оның өмірінің алғашқы апталарында тез өседі. Өмірінің бірінші жылы ішінде ішек микрофлорасының түрлік құрамы өзгереді, бұл бала өміріндегі әр түрлі кезеңдерге байланысты: қосымша тамақ беруге дейін емшек емізу кезеңімен, қосымша тамақты беруден кейін, рационға қатты тамақты қосқаннан кейін, емшек емзуді тоқтатқаннан кейін. Ананың жүктілік, босану жолдарының микрофлорасы, босанудың өтуі, мерзімінен бұрын туылуы, емшекпен емізудің болуы және ұзақтығы, ерте қосымша тамақты беру, жиі суық тию аурулары осы процестің қалыптасуын анықтайды.

БАЛАНЫҢ ҚАЛЫПТЫ МИКРОФЛОРАСЫ

Микрофлора:

  • ішектің шырышты қабатын патогендік микроорганизмдердің қалыптасуынан қорғауды негіздейді.
  • иммун жүйесін қолдайды және белсендендіреді,
  • ақуыздардың, липидтердің, көмірсулардың алмасуына қатысады, аллергияға қарсы функцияны атқарады,
  • аминқышқылдарының, дәрумендердің, гормондардың синтезіне қатысады, асқазан-ішек жолдарының ас қорыту функцияларына әсер етеді

Бифиформ Бэби пробиотикалық кешенін тіпті жаңа туған нәрестелерге өмірінің алғашқы күнінен бастап беруге болады. Оның негізгі арналуы - ішектің теңдестірілген микрофлорасын қалыптастыру, оның ішінде тамақтандырумен байланысты әртүрлі мәселелер кезінде. Бактериялардың ерекше кешені шаншуды қоса алғанда, түрлі сипаттағы ішек бұзылуларының алдын алуға ықпал етуі мүмкін7.

Ішектің қалыпты микрофлорасы микроорганизмдердің көптеген түрлерін құрайды. Бүгінгі таңда маңызды және зерттелгендердің бірі:

БИФИДОБАКТЕРИЯЛАР

Bifidobacterium түрінің өкілдері адамның асқазан-ішек жолының қалыпты микробиотасының ең маңызды компоненті болып табылады. Бифидобактериялардың көп бөлігі балаларда барлық микроорганизмдердің9 90% - дан астамын құрай отырып, тоқ ішекте орналасқан. Нәрестелердің ішек микрофлорасында бірінші аптаның соңында басым болады. Амин қышқылдары мен ақуыздар, К дәрумені, пантотен қышқылы, В тобының дәрумендері: (И - тиамин, В2 - рибофлавин, ВЗ - никотин қышқылы, фолий қышқылы, В6 - пиридоксин. Ішектің қабырғалары арқылы кальций, темір, D дәруменінің сіңу процестерін күшейтеді9,5

ЛАКТОБАКТЕРИЯЛАР

Антиоксиданттық әсер бере отырып, пероксидаза белсенділігін азайтады, ісікке қарсы белсенділікке ие болады, иммуноглобулин А (IgA) өнімін күшейтеді, патогенді микрофлораның өсуін бәсеңдетеді және лакто - және бифидофлораның өсуін ынталандырады, вирусқа қарсы әсер етеді9,5

МИКРОФЛОРАНЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Дисбактериоз ішек микрофлорасының сапалық және сандық құрамының бұзылуы болып табылады. Бұл патогенді микроорганизмдер пайдалыларға қарағанда, әлдеқайда көп болуы мүмкін дегенді білдіреді. Кейде ағзаның өзі ішек микрофлорасында уақытша пайда болған өзгерістерді жеңе алады, бірақ белгілі бір жағдайларда дисбактериозды емдеу үшін құрамында пайдалы микроорганизмдер бар пробиотиктер қолданылады

Емшектегі балаларда дисбактериоз келесі түрде көрінуі мүмкін:

bifiform baby
  • дәреттің жиілігінің, құрамының және түсінің өзгеруі;
  • ас қорыту процесінің бұзылуы;
  • жоғары газ түзілу;
  • баланың мазасыздануы, жылауы;
  • жоғары тітіркенгіштік;
  • тәбет пен ұйқының нашарлауы;
  • тері қабатының жай-күйінің нашарлауы;
  • аллергиялық реакциялар

ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕР МЕН ЕМШЕК ЕМЕТІН СӘБИЛЕРДЕ ДИСБАКТЕРИОЗДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Микрофлораның балансының бұзылуы бойынша қауіп-қатер тобына аналарында жүктілік және босану кезінде әртүрлі асқынулар болған балалар, сондай-ақ жасанды тамақтанатын, шала туған балалар жатады. Суық тию, кейбір дәрілік препараттарды қабылдау (антибиотиктермен емдеу) ішек микрофлорасы балансының бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайдың сыртқы көріністері ұйқының бұзылуы, жылағыштық, тәбеттің бұзылуы, аллергиялық бөртпелер, шаншулар және тамақтандырғаннан кейін іштің әрдайым құрылдауы болуы мүмкін.

ТАЛДАУЛАРДЫ ТАПСЫРУ

Балаңызда сырқаттану белгілері пайда болса, міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз. Дисбактериоз диагнозын қою үшін дәрігер дисбактериозға нәжіс талдауын тапсыруға кеңес бере алады.

Дисбактериозға талдау үшін нәжісті қалай дұрыс жинау керек:

Нәжіс алдын ала 20 минут бойы қақпақпен бірге қайнатылған стерильді банкаға жиналады. Емшектегі балалардағы дисбактериозды емдеу нәтижесі негізінде жүргізілетін талдауға арналған ыдыс тоңазытқышта бір тәуліктен артық сақталуға тиіс. Стерильді ыдысқа жиналған талдау зертханаға 2 сағат ішінде (кешіктірмей) жеткізіледі. Нәтижелер 7-10 күннен кейін дайындалады.

Бифиформ Бэби қайдан сатып алуға болатыны туралы ақпаратты алу үшін біздің «Қайдан сатып алуға болады» бөлімін қараңыз.

1. Микробиота кишечника у детей: от профилактики нарушений становления к предупреждению неинфекционных заболеваний Д,В. Печкуров1, Т.В. Турти2-3, И.А. Беляева2,3 А.А, Тяжева1 DOI: 10.15690/pf.v13і4.1611

2. Донских Е.Е. Микрофлора • Дисбактериоз у детей http://lekmed.ru/info/literatyra/d¡sbakterioz-y-detei.html

3. Корниенко Е.А., Мазанкова Л.Н., Горелов А.В. Применение пробиотиков в педиатрии: анализ лечебного и профилактического действия с позиций доказательной медицины. Лечащий врач 2015.

4. Эффективность использования пробиотиков у недоношенных детей Регулярные выпуски «РМЖ» №15, 8.07,2009 бет. 1000 Авторылары; Беляева И .А. 1, Митиш М,Д., Катосова Л.К. 1 ФГАУ «Национальный медицинский исследовательский центр здоровья детей» Ресей Денсаулық сақтау министрлігі, Москва ФГБОУ ВО РНИМУ им. Н. И. Пирогова Ресей Денсаулық сақтау министрлігі, Москва

5. Корниенко Е.А., Мазанкова Л.Н,, Горелов А.В. Применение пробиотиков в педиатрии: анализ лечебного и профилактического действия с позиций доказательной медицины. Лечащий врач 2015.

6. И.А. Беляева. Пробиотические добавки для коррекции младенческих колик: перспективы использоавния.

7. Беляева И.А., Митиш М.Д., Катосова Л.К. Эффективность использования пробиотиков у недоношенных детей. РМЖ 2009.

8. Рыбальченко О.В., Бондаренко В.М. Оценка микробиоты и пробиотических штаммов с позиций новых научных технологий. Фарматека №11,2016

9. Бельмер С.В., Малкоч А.В, Кишечная микрофлора и значение пребиотиков для ее функционирования. Лечащий врач 2006,4

БИФИФОРМ НҰСҚАУЫ